Оған еліміздің әр өңірінен келген 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Ұлттық біріншілік екі күнге созылады.
БӨЛІСУ
Ал топ жарып шыққандары келер жылы өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Джиу-джитсу қауымдастығы өкілдері бұл дода кем дегенде үздік үштіктен табылуды көздеп отыр.
Нұржан Елкеев, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының президенті: - Осы жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және 7 облыстан келіп, қатысып жатыр. Төрешілеріміз де жоғары білікті төрешілер, әр облыстан, әр қаладан келіп отыр. Енді алдағы Азия чемпионатында балаларымыз үздік үштіктен табылады деген үмітіміз зор.