«Астана» велошабандозы «Вуэльта» көпкүндігінде жеңімпаз атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» велошабандозы «Вуэльта» көпкүндігінде жеңімпаз атанды
Фото ©️ roadcyclinguk.com

Велоспорттан «Астана» клубының капитаны Фабио Ару «Вуэльта Испания» көпкүндігінің жеңімпазы атанды. Жарыстың соңғы кезеңі Мадридте аяқталды.

БӨЛІСУ

«Вуэльта» көпкүндігінің «достық кезеңі» саналатын соңғы турында неміс Джон Дегенкольб бірінші келді. Мәре сызығын екінші болып нидерландылық Данни ван Поппел («Trek Factory Racing») кессе, үштікті «ВМС» клубының велошабандозы Джемпи Джукер түйіндеді.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша бес тур бойы «қызыл жейдені» иеленген Фабио Ару жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік «Катюша» легионері Хоаким Родригес еншілесе, үшінші орынға «Tinkoff-Saxo» клубының велошабандозы Рафал Малка ие болды.

«Вуэльта» көпкүндігінің қорытындысы:

1. Фабио Ару (Италия, «Астана») — 85:36:13
2. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») — +1:17
3. Рафал Майка (Польша, «Tinkoff-Saxo») — +1:24

20. Диего Роса (Италия, «Астана») — +43:27
25. Микель Ланда (Испания, «Астана») — +51:30
33. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +1:15:05
57. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +2:18:30
68. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +2:32:07
135. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») — +3:53:40.