«Джиро д’Италия» жарысының он тоғызыншы кезеңін «Астана» командасының велошабандозы Фавио Ару жеңіп алды. Бұл кезең Гравеллона-Точе және Червиния таулы аймақтарында өтті.
Қазақстандық клубтың легионері 236 шақырымға созылған қашықтықты 6 сағат 24 минут 13 секундта жүріп өтті. Екінші болып мәре сызығын «Team Cannondale – Garmin» велоклубының мүшесі Райдер Хешедал кессе, үшінші орын Ригоберто Уранға (Etixx-Quick Step) бұйырды. Ал төрттікті «Астананың» мүшесі Танел Кангерт түйіндеді. Ол Фавио Аруға 0:01:18 минутқа ұтылды.
«Джиро д’Италия» велододасының жалпы есебінде Альберто Контадор көш бастауда. Екінші орынға Фавио Ару («Астана») орналасса, үштікті қазақстандық клубтың екінші бір велошабандозы Микель Ланда қорытындылап тұр.