«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» он алтыншы кезеңін ұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» он алтыншы кезеңін ұтты
Фото ©️ eurocups-uefa.ru

«Джиро д’Италия» жарысының 174 шақырымға созылған он алтыншы кезеңін «Астана» командасының велошабандозы Микель Ланда жеңіп алды. Ол он бесінші кезеңде де жеңімпаз атанған болатын.

БӨЛІСУ

Қазақстандық клубтың испандық легионері 174 шақырымға созылған қашықтықты бірінші болып кесті. Екінші болып Нидерландының «LottoNL-Jumbo» клубының мүшесі Стевен Крейсвейк келсе, үшінші болып мәрені Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») кесті.

«Джиро д’Италия» велододасының жалпы есебінде Альберто Контадор көш бастап тұр. Екінші орынға екі кезеңді қатар ұтқан Микель Ланда («Астана») орналасса, үштікті қазақстандық клубтың екінші бір велошабандозы Фавио Ару қорытындылап тұр.