Халықаралық велоспорт одағы (UCI) құрлықтық бәсекелерде еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана» велоклубына қарсы өз шешімін шығарды. Арнайы комиссия шешімінен кейін, қазақстандық клубтың әлемдік додаларға қатысу құқығын беретін лицензиясын сақтап қалғаны белгілі болды.
«Астана» клубын лицензиядан айыру мәселе бірінші рет 2014 жылы командасының мүшелері - ағайынды Максим және Валентин Иглинскилер, одан кейін «Астана» командасы жанындағы «Astana Continental Team» жас велоспортшылар клубының мүшелері Артур Федосеев, Виктор Окишев пен Илья Давиденоктің қанынан допинг табылғанынан кейін қаралған болатын.
Лицензиялық коммисия (ISSUL) қазақстандық клубқа шарт та қойып отыр. Егер де клуб коммисия қойған шарттарды осы маусымда тағы да назардан тыс қалдырып жатса, немесе жоғарыда екі іске қатысты жаңа деректер шығып жатса, UCI тексерісті қайта бастайтын болады.
Айта кетейік, енді қазақстандық клуб «Джиро Д Италия», «Тур де Франс», «Вуэлта» сынды ірі жарыстарға қатыса алады.
Сурет: nada.by