"Астана" "Валлетта" қақпасына бес гол соқты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
"Астана" "Валлетта" қақпасына бес гол соқты
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Мальтаның "Валлетта" командасын 5:1 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Ресейлік төреші Б.Вебородов ысқырығы шалынысымен елордалық команда шабуылға лап қойды. Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым ойнады. Роман Григорчук шәкірттерінің бұл ойын жүйесі өз нәтижесін көп күттірмеді. 8 минутта команданың исландиялық легионері Мар Сигурьонссон есеп ашты.

15 минутта Юрий Логвиненко әуелей келген допты баспен ұрып, қонақтар қақпасында тулатты. Араға 20 минут Марин Томасов есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші тайм басында да "Астананың" шабуылшы қарқынды болды. 57 минутта Мар Сигуронссон дубль авторы болды. "Валлетта" да құралақан қайтпады. Марио Фонтанелло бір гол соқты.

Екінші таймда алаңға шыққан Ромело Янга "Астананың" ойындағы бесінші голын соқты.

Екі команда арасындағы қарымта ойын бір аптадан кейін Та-Калиде өтеді. Жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығады. Онда Беларусьтың БАТЭ және Боснияның "Сараево" клубтарының ұтқанымен ойнайды.