«Астана» қорғаушысы мансабын Жапонияда жалғастырады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» қорғаушысы мансабын Жапонияда жалғастырады

«Астана» футбол клубының сербиялық қорғаушысы Бранко Илич спорттық мансабын Жапонияда жалғастыратын болды. Футболшы «күншығыс елінде» «Урава Ред Даймондс» клубының намысын қорғайды.

БӨЛІСУ

Клубтың ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, клуб пен футболшы арасындағы келіссөздер сәтті аяқталған. Бірақ, әлі де келісім-шартқа қол қойылмаған. Дегенмен де, футболшының өзі клубтың жанкүйерлеріне жолдама жасап та үлгерген екен.

- «Урава Ред» Жапониядағы ең мықты ұжымдардың бірі. Бұл команда алдына тек биік мақсаттарды қояды. Алдағы уақытта енді мен де клубтың биік белестерден көрінуіне қолымнан келгенше көмектесемін,- деген Бранко Илич клубтың ресми сайтына берген бірінші сұқбатында.

Айта кетейік, 33-жастағы қорғаушы «Астана» сапына 2015 жылы қосылып, елордалық клубтың қатарында бір маусым ойнады. Оған дейін ол Испанияның «Бетис», Ресейдің «Москва», «Локомотив», Кипрдің «Анортосис», Израильдің «Хапоэль» (Тель-Авив), Сербияның «Партизан» клубтары қатарында өнер көрсеткен.