Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында ертең «Астана» өз алаңында Португалияның «Бенфика» командасын қабылдайды.
Маңызды матч алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан Станимир Стойлов шәкірттері жанкүйерлер алдында аянып қалмасы анық. Тіпті қазақстандық команда сапында Патрик Твумаси да алаңға шығуға дайын. Ал азуын айға білеген лиссабондықтар Португалия кубогының финалында«Спортингқа» жол берген. Сондай-ақ қонақтар сапында үздік сұрмерген Николас Гайтан мен команда капитаны Луизаудың жасыл алаңға шықпайтыны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» мен «Бенфика» арасындағы кездесу ертең Астана уақытымен,, кешкі сағат 21:00-де басталады.
Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас жаттықтырушысы: - «Бенфика» осал қарсылас емес екендігі айтпасада түсінікті. Бірақ біз жанкүйерлердің қызу қолдауымен лайықты ойын көрсетуге тырысамыз. Кубок жолындағы бәсекеде бірнеше футболшыға демалыс берген болатынбыз. Қазір матчқа дайынбыз деп сеніммен айтуға болады.