Франция жерінде өтетін әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігінің басталуына санаулы ғана күндер қалғанданда «Astana Pro Team» шабандоздары Якоб Фульсанг, Андрей Гривко мен Асан Базаев жарақат алып қалды.
Үш спортшы да жарақатты жексенбі күні Тенерифте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары барысында құлап алған. Жаттығу басталған кезде-ақ, шабандоздың үшеуі де төмен қарай құлдилау кезінде құлап қалған.
«Astana Pro Team» спорттық директоры Дмитрий Седун жарақат алған тек үш шабандоз екенін, ал, Егор Силин, Фредрик Кессякофф, Дмитрий Муравьев, Алексей Луценко мен Кевин Зельдраерс дер кезінде жылдамдықты тежеп, велосипедтерін тоқтатып үлгіргенін айтты.
Оқиға болған жерде үш шабандозды да әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға бірден жеткізілген. Седунның айтуынша, Фульсанг шынтағы мен арқасын жарақаттаған және ол осы аптада жаттығуларға кірісе алады.
Гривко қолын және білегін зақымдаған. Дүйсенбі күні ол мамандармен кездеседі, оның оқу–жаттығу жиындарына оралу мүмкіндігі 50 де 50, барлығы дәрігер бекіткен сараптамаға байланысты екен.
Ал Базаев бетін жарақаттап алыпты. Ол өзінің «Тур де Франсқа» дайындығын тоқтатып, медициналық кеңес алу үшін Еуропаға аттанған.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz