"Астана" футбол клубының жаңа бас бапкері қызметіне ресейлік маман Андрей Тихонов тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
50 жастағы ресейлік футбол жанкүйерлері арасында "Спартак" және Ресей құрамасы сапында көрсеткен өнерімен танымал. Ол "ақ-қызылдар" сапында 8 рет Ресей чемпионы атанды. Мансабында мәскеулік клубтан кейін "Крылья Советов", "Химки", "Маккаби Тель-Авив" (Израиль) және "Локомотив" (Астана) командаларында өнер көрсетті.
Андрей Тихонов ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін 2008 жылы жаттықтырушылыққа ауысты. Алдымен "Крылья Советов" клубында тәжірибе жинақтап, сосын "Спартак" және "Краснодар" командаларын жаттықтырды. 2016 жылы "Енисейдің" бас бапкері атанып, Ресейдің деңгейі жағынан екінші лигасының қола жүлдесін жеңіп алды. 2017 жылы "Крылья Советов" командасын тізгіндеп, Ресей Премьер-Лигасына жолдаманы иеленді. Алайда бір жыл өткен соң қызметінен босатылды.
Естеріңізде болса, қазан айының басында "Астана" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарушы Пол Эшуорт орнына кетті. Пол Эшуорт елордалық клубта 2019 жылдан бастап Атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді, соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында команда екі рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетіп, Чемпионатта топ жарып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, онда Манчестер Юнайтед ұжымынан басым түскен болатын.