Биылғы Қазақстан Біріншілігінің үздігі, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған "Астана" футбол клубының ойыншыларының басы дауға қалды. Даудың басы – елордалық клубтың төрт ойыншысының қорқор шегіп отырып жасаған селфиі. Джуниор Кабананга, Рохер Каньяс, Фокси Кетевоама және Бауыржан Жолшиевтың кафедегі фотосы әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінің ашуын келтірді.
Бірі балалары еліктеп жүрген ересектердің мұндай қылықтарының ерсі екенін жазса, енді бірі зиянды әдеттерден арылмай спортпен қалай шұғылданып жүрсіңдер деген сұрақ қояды.
Естеріңізге сала кетсек, 25 қарашада "Астана" чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ойындары қарсаңында португалдық "Бенфико" футбол клубымен ойнайды.