«Астана» Кипрге аттанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» Кипрге аттанды
Фото ©️ vk.com

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізу үшін Кипрге аттанды. Елордалық ұжым 15 қыркүйек күні «АПОЭЛ» клубымен ойнайды.

БӨЛІСУ

Станимир Стойлов жаттықтыратын клуб Кипр еліне 20 футболшымен жол тартты. Никосияда қос клуб 3 ұпайды сарапқа салатын болады. Қазақстандық клубтың құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Аблайхан Дүйсен, Александр Мокин;

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Сергей Малый, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Біржан Күлбеков;

Жартылай қорғаушылар: Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Абай Жүнісов, Геворг Наджарян;

Шабуылшылар: Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович, Патрик Твумаси және Танат Нөсербаев.

«АПОЭЛ» клубы қазақстандық жанкүйерлер мен «Астана» командасы үшін таңсық емес. 2015 жылы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қос клуб қарсылас атанған болатын. «Астана Аренада» өткен ойында елордалық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетсе, Никосияда 1:1 есебі тіркелген-ді.

Айта кетейік, «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық екінші клуб. 2013/2014 жылғы маусымда қарағандылық «Шахтер» алғаш болып топтық кезеңге өткен болатын.