"Астана" қарсыласын тас-талқан етіп, Конференция лигасы іріктеу кезеңінің финалына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
"Астана" қарсыласын тас-талқан етіп, Конференция лигасы іріктеу кезеңінің финалына шықты

"Астана" румыниялық "Корвинулмен" кездесудің қорытындысы бойынша Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Алматыда өткен үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде астаналықтар қарсыласын ойсырата жеңді. Есеп: 6:1.

Бірінші таймда астаналық клуб есепті ашты: 13-минутта Джеффри Чинеду гол соқты.

"Астана" 57-минутта Марин Томасовтың голының арқасында есепті еселеп, 68-минутта Чинеду дубль жасап, 3:0-ге жеткізді.

73-минутта Назми Грипши румыниялық клубтың қақпасына төртінші голды соқты. Томасов бесінші голды 76-минутта салды.

78-минутта "Корвинул" Михай Велисардың алыстан соққан соққысынан кейін есепті сәл де болса қысқартты.

84-минутта соңғы голды Елхан Астанов түйіндеді – 6:1.

Еске салайық, бірінші матчта Румынияда "Астана" 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!