«Астана» жолдастық кездесуде «Мариборды» жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» жолдастық кездесуде «Мариборды» жеңді
Фото ©️ vk.com

«Астана» футбол клубы Түркияның Белек қаласында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде Словенияның «Марибор» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Станимир Стойлов шәкірттері қарсылас қақпасында тулаған екі допты да бірінші таймда соқты. Алдымен 12 минутта Серікжан Мұжықов есеп ашса, араға 12 минут сала Джордже Деспотович есепті еселеді. Словениялық клуб кезекті шабуылдарының бірінде гол соққанымен, бас төреші нәтижені есепке алған жоқ. Ал екінші таймда қос клуб таблодағы нәтижеге өзгеріс енгізе алған жоқ.

Айта кетейік, «Астана» словениялық клубпен алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Мариборды» қос ойын қорытындысы бойынша жарыс жолынан шығарған болатын.