Елорданың «Астана» футбол клубы македониялық жартылай қорғаушы Бесарт Абдурахимимен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Македония ұлттық құрамасының ойыншысы Бельгияның «Локерен» клубынан ауысып келді. Елордалық клуб сапында уақытша (аренда) өнер көрсететін болады. Алаңдағы негізгі қызметі - шабуылдаушы жартылай қорғаушы.
Бесарт Абдурахими Хорватияның Загреб қаласында дүниеге келген. Спорттағы кәсіби мансабында да осы қаладағы «Загреб» клубында бастаған. 2014 жылы Бельгияның «Локерен» клубына ауысып, 38 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Хорватия мен Бельгия біріншіліктерінен бөлек, Израильдың «Хапоэл» клубында бір маусым ойнаған.
Футболшының 2014 жылға дейінгі соққан голдары
25 жастағы ойыншы Македония ұлттық құрамасы сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол соққан.