"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Фото ©️ vk.com

"Астана" клубы қазақ футболы тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның "Славия" командасын ұтты.

БӨЛІСУ

Прагада өткен аса маңызды ойында Станимир Стойлов жаттықтыратын "Астана" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 38 минутта Марин Аничич соқты. Алғашында бас төреші Давид Масса голды есепке алмағанмен, кейіннен қапталдағы көмекшісімен ақылдаса келе есепті тіркеді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылда ширақ ойнағанмен, қазақстандық команданың қорғаушылары сәтті қорғана білді. Қақпашы Ненад Эрич қырағылық танытып, бірнеше сәтте қақпасын голдан құтқарып қалды. Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, "Астана" 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.

"Астананың" плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсан күні белгілі болады. Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Салтанатты шара Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

"Астана" секілді топта екінші орын алған командалар өзге топтарда бірінші орын алған команда немесе Чемпиондар лигасынан келген үздік 4 команданың бірімен ойнайды

"Славия" (Прага, Чехия) — "Астана" (Астана, Қазақстан) 0:1 (0:1)

Гол соққан: Аничич 40 (0:1)

Ескертулер: Соболь 42, Стох 88, Нецид 90+5 — Мужиков 54, Эрич 78, Шитов 83

"Славия": Лаштувка, Соболь, Югас, Данни, Змргал (Сикора 76), Нгадеу-Нгаджуи, Стох, Шкода (Нецид 17), Соучек, Фрыдрых, Ротань (ван Бурен 68)

"Астана": Эрич, Шитов, Аничич, Мужиков (Малый 84), Граховац, Томасов (Муртазаев 68), Маевский, Твумаси (Деспотович 90+3), Логвиненко, Кабананга, Шомко

Бас төреші: Давиде Масса (Италия)

7 желтоқсан. Прага. «Эден Арена».