"Астана" ел футболы тарихына өз атын алтын әріптермен жазды – Мұхамедиұлы

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
"Астана" ел футболы тарихына өз атын алтын әріптермен жазды – Мұхамедиұлы
Фото ©️ qazaquni.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Астана" клубын Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады. Ол елордалық команданың Қазақстан футболы тарихына өз атын алтын әріптермен жазғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

"Соңғы жылдары қазақстандық футбол зор жеңістерге қол жеткізіп жатыр. "Астана" футбол клубы мемлекетіміздің үздік топтарының ішінде үздігі ретінде Қазақстан футболы тарихына өз атын алтын әріптермен жазды. Бұның нағыз айғағы – елордалық команданың Чемпиондар Лигасындағы топтық кезеңге өтіп, әлемнің ең үздік топтарымен тең өнер көрсетуімен қатар, осы отандық маусымның чемпионы атағын екінші рет жеңіп алуы", – деп жазылған құттықтау хатында.

Сонымен қатар, министр "Астана" командасының жеңісі барша елордалық пен клуб жанкүйерлері үшін қуанышты оқиғаға айналғанына тоқталып өтті.

"Қазақстандық премьер-лига шеңберіндегі қарсыластарымен тартысты бәсекеге және Чемпиондар Лигасындағы күрделі ойындарға қарамастан, "Астана" клубының мүшелері нағыз спортшыға тән қайсарлық пен шеберлік таныта білді. Осының барлығы жылдар бойы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының атқарған зор еңбегінің жемісі деп білеміз", – деді ол.

Арыстанбек Мұхамедиұлы "Астана" футбол клубының барлық мүшелері, жаттықтырушылары мен спортшыларына Чемпиондар Лигасында жалғасып жатқан ойындарында сәттілік, жаңа табыстар, жаңа жетістіктер мен жаңа спорттық биіктерді бағындыра берулеріне тілектестігін білдірді.