«Астана» бірінші ойында «Жальгиристі» жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Астана» бірінші ойында «Жальгиристі» жеңе алмады
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Жальгирис» (Литва) пен елордалық «Астана» арасындағы ойын тең аяқталды. Вильнюста өткен ойында 0:0 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Ойын алдында Станимир Стойлов жаттықтыратын «Астана» фаворит саналған-ды. Алғашқы минуттардан-ақ доп ұстау мен алға ұмтылуда қазақстандық клубтың ойыншылары белсенді көрінгенмен, нәтиже шығара алмады. Қос клуб та аса сақ ойнап, қорғанысты басты назарға алумен болды.

Екінші тайм соңына қарай «Жальгирис» ойыншыларының белсенділігі артты. Тіпті 77 минутта Ненад Эрич қақпасына гол да соқты. Алайда бас төреші офсайд болғанын аңғарып, голды есепке алған жоқ. Ал артынша литвалық клубтың қорғаушысы Донован Слейнгард тепкен доп қақпа бағанына тиіп, алаң сыртына шықты. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда «Жальгирис» командасы ойындағы аса қауіпті шабуылдарының бірін ұйымдастырды. Абырой болғанда, Ненад  Эрич қақпасын голдан құтқарып қала білді.

«Астана» доп ұстау мен бұрыштама соққылары бойынша алда болғанмен, шабуылдағы адуыны байқалмады. Қарымта ойын бір 20 шілде күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. 

«Жальгирис» (Вильнюс, Литва) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 0:0 
Ескертулер: Люич 70 — Кабананга 85
«Жальгирис»: Клевинскас, Климавичюс, Слейнгард, Мбодж, Благоевич, Вайткунас, Лукша, Миколюнас (Эливелто 64), Пилибайтис (Люич 59), Куклис, Калуджерович
«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Мұжықов, Ибраими (Тағыберген 80), Шитов, Нөсербаев (Кабананга 71), Твумаси (Деспотович 90+2), Логвиненко, Шомко, Каньяс
Бас төреші: Владо Глоджович (Сербия)
13 шілде. Вильнюс. ФФЛ.