"Астана" - "Бенфика" матчына болжам жасалды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Серікбол Ерсін>
"Астана" - "Бенфика" матчына болжам жасалды
Фото ©️ vk.com

Қарашаның 25 күні "Астана" клубы Чемпиондар лигасы аясында өз алаңындағы соңғы матчын өткізеді. Станимир Стойловтың шәкірттері "Бенфикамен" ойнайды. "Астана Аренадағы" сағат 21.00-де басталатын матчты "Таң" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

БӨЛІСУ

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, бұл ойында фаворит қонақтар болып отыр. "Бенфиканың" жеңіске жетуіне 1.77, "Астананың" жеңуіне 4.60 коэффициент қойылды. Ал ойынның тең аяқталу коэффициенті − 3.37.

Еске сала кетейік, "Астана" төрт тур қорытындысы бойынша екі ұпаймен С тобының соңғы орнында тұр. Ал "Бенфика" тоғыз ұпаймен топта көш бастады.

Дереккөз: tengrinews