Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Ұлттар лигасы аясында Норвегиямен өтетін ойынға дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асхат баспасөз конференциясы барысында
норвегиялық көшбасшылар Эрлинге Холланд және Мартине Эдегорге қатысты пікірін білдірді.
«Әр бапкердің өз тактикасы бар. Менің ойымша, футболшылардың ойын тәжірибесінде проблема жоқ сияқты. Біз өткен циклдегідей сенсация жасағымыз келеді, жеңіске ұмтыламыз.
Алматыдағы стадион? Бұл Қазақстан, біздің ел. Алматыда табиғи көгал бар, Астананың өз артықшылықтары бар. Достарым билет сұрайды. Мен оларға айтамын, ұлттық құраманы қолдайсыңдар ма, әлде Холандты көруге келе жатырсыңдар ма?
Холланд пен Эдегоргердің текетіресінен не күтеміз? Біз қарсыласқа емес, өз ойынымызға назар аударамыз. Бұл ойынға барынша дайынбыз және барымызды саламыз», - деді Тағыберген.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесу 6 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!