Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты
Фото ©️ Спортбокс

Алматылық "Қайрат" өзінің ресми сайтында ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавинмен келісімшартты ұзартқанын хабарлады.

БӨЛІСУ

Жаңа келісімшарт бойынша футболшы алматылық команда сапында тағы бір маусым ойнайды. Ал Андрей Аршавиннің айтуынша, ол клуб сапында қанша уақытқа дейін ойнауға қауқарлы болса, сол уақытқа дейін ойнауға ниетті.

- "Қайраттың" маған жаңа келісімшарт ұсынғанына қуаныштымын. Алматыда барлық нәрсе менің көңілімнен шығады. Алдағы жылы да командаға көп көмегім тиеді деп сенемін, - дейді Аршавин.

36 жастағы Андрей Аршавин "Қайрат" сапына 2016 жылдың наурыз айында ауысып келді. Осы уақытқа дейін ол клуб сапында барлық турнирлерде 71 кездесуге қатысып, 21 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. "Қайратпен" бірге ол екі рет ел біріншілігінің күміс жүлдегері, 2017 жылы Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 

Айта кетейік, осыған дейін "Қайрат" командасы сапынан шабуылшы Жерар Гоу мен қорғаушы Жарко Маркович кеткен еді.