Норвегия және "Арсенал" командасының капитаны Мартин Эдегор жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыспайтын болды, - деп жазады Фабрицио Романо.
БӨЛІСУ
Танымал инсайдер хабарлағандай, 25 жастағы хавбек тобығын жарақаттап алған. Словения мен Қазақстанға қарсы ойындарға қатыспайды.
Эдегор Лондонда жарақатын емдетіп, қалыпқа келу жаттығуларын жасайды.
Айта кетейік, футболшы бұған дейін де жарақатына байланысты 2 айдай уақыт алаңға шықпады. Ол 9 қыркүйек күні Аустрияға қарсы ойында жарақат алған еді.
Норвегия – Қазақстан матчы 17 қараша күні Ослода өтеді.