“Арландардың“ Ұлыбритания командасына қарсы шығатын құрамы жасақталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
“Арландардың“ Ұлыбритания командасына қарсы шығатын құрамы жасақталды
Фото ©️ vk.com (Astana Arlans)

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан "Astana Arlans" пен Ұлыбританияның "British Leonhearts" командалары арасындағы бірінші жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

Қос команда арасындағы шаршы алаңдағы жекпе-жектер 3 маусым күні Қостанайда өтеді. Қазақстандық команда 2014 жылдан бері WSB жобасындағы кездесулерін еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіп келеді. Еліміздің өңірлерін әлемге таныту мен сол өңірлердегі бокс жанкүйерлеріне қуаныш сыйлау – команданың басты мақсаты.

Қостанайда «С1» санатындағы боксшылар шаршы алаңға шығады.

49 келі: Теміртас Жүсіпов - Кларан МакДональд

56 келі: Ілияс Сүлейменов - Кристофер Бурк

64 келі: Ділмұрат Мижитов – Конор Лофтус

75 келі: Әбілхан Аманқұл – Никита Абабий

91 келіге дейін: Антон Пинчук - Давид Киран Ниика

"Astana Arlans" клубы биыл жетінші маусым қатарынан жартылай финалға шығып отыр. WSB жобасындағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі.

Айта кетейік, Арландар ширек финалда Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасын екі кездесу қорытындысы бойынша айқын жеңіп жартылай финалға шыққан болатын. Ал жартылай финалда қазақстандық клубтың қарсыласы атанған Ұлыбританияның "British Leonhearts" ширек финалда Францияның "France Fighting Roosters" командасын жарыс жолынан шығарған еді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" – "Colombia Heroicos" командалары кездеседі.