Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) «В» тобында бақ сынап жатқан қазақстандық "Astana Arlans" сегізінші кездесуін Венесуэла астанасы Каракаста өткізіп, жергілікті "Caciques Venezuela" клубын 3:2 есебімен жеңді.
Қазақстандық боксшылар сапынан алғаш болып Олжас Сәттібаев жеңіске жетті. Екінші кездесуде Зәкір Сафиуллин қарсыласына жол берді. Негізі жекпе-жек ең дәрежеде өткендей болған, алайда төреші жергілікті боксшының қолын көтерді. Бұдан кейін шаршы алаңға хорват қыраны Хрвое Сеп шығып, Қазақстан клубын қайтадан алға шығарды. Төртінші кездесуде Асланбек Шымбергенов "Caciques Venezuela" клубының тәжірибелі боксшысына есе жіберіп, шешуші сәтті соңғы кездесуге қалдырды. Ақырғы айқаста қазақстандық Филипп Хргович рингке көтеріліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша "Арландарымыз" кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу Алматыда өтіп, жерлестеріміз 5:0 есебімен айқын басымдылық танытқан болатын.
"Caciques Venezuela" – "Astana Arlans" командалары арасындағы кездесудің нақты нәтижесі:
Карлос Осканио Перес – Олжас Сәттібаев – 0:3 (46:49, 45:50, 46:49)
Макайо Лейва – Зәкір Сафиуллин – 2:1
Маэстре Перес Габриэль – Асланбек Шымбергенов – 3:0 (50:44, 50:44, 50:45)
Рамирес Дюран Альберт Рамон – Хрвое Сеп – 1:2 (47:48, 47:48, 48:47)
Эдгар Мунос – Филипп Хргович – TKO (R2, 2:11)
Сурет: Vesti.kz