20-21 маусым күндері Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы Астана қаласында өтеді. Осыған орай бүгін чемпиондық атаққа таласатын «Astana Arlans» пен Кубаның «Сuba Domadores» клубы жекпе-жекке шығатын құрамын жариялады.
«Бостандық аралының» командасы Астанаға азулы құраммен келді. Ал жекпе-жекке шығарғалы отырған 10 боксшысының 6-ы Олимпиада жолдамасын иеленіп үлгерген. Ал қазақстандық клуб сапынан WSB жобасында бір жолдаманы 91 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсететін Василий Левит қана иеленген еді.
Финалдың бірінші күні жұдырықтасатын боксшылар:
49 келіге дейін: Теміртас Жүсіпов (қосалқы құрамда - Мардан Берікбаев) - Йоанис Оскар Аргилагос Перес
56 келіге дейін: Қайрат Ералиев (Мейірболат Тоитов) - Энди Круз Гомез (Робейси Элой Рамирес)
64 келіге дейін: Самат Башенов (Асхат Уәлиханов) - Ясниер Толедо Лопес
75 келіге дейін: Мейірім Нұрсұлтанов (Ерік Әлжанов) - Арлен Лопес Кардона
91 келіге дейін: Василий Левит (Мұхамеджан Еркін) - Эрисланди Савон Котилла
Финалдың екінші күні жұдырықтасатын боксшылар:
52 келіге дейін: Олжас Сәттібаев (Мирас Жақыпов) - Йосвани Вейтиа Сото
60 келіге дейін: Закир Сафиуллин (Ержан Мұсафиров) - Ласаро Хорхе Альварес Эстрада
69 келіге дейін: Асланбек Шымбергенов (Мадияр Әшкеев) - Роньель Иглесиас Сотолонго
81 келіге дейін: Нұрдәулет Жарманов (Али Ахмедов) - Хулио Сесар ла Крус Пераса
91 келіден жоғары: Иван Дычко (Филипп Хргович) - Йоханди Тойрак Ортега
Екі күнгі кездесулер қорытындысы бойынша тең есеп тіркелетін болса, қосымша жекпе-жекке 56 келіге дейінгі салмақта Мейірболат Тоитов пен Робейси Элой Рамирес жұдырықтасатын болады.
Астанада өтетін WSB жобасының финалы нағыз тартысқа толы болғалы тұр. Жанкүйерлер бұл бокс кешін «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ал кездесулер туралы сараптамалық ақпаратты ертең жариялайтын боламыз.