«Арландар» Германияда жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Арландар» Германияда жеңіске жетті

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) ширек финалы аясында «Astana Arlans» немістің «German Eagles» командасын алғашқы кездесуде жеңді. Шаршы алаңдағы  жекпе-жектер Германияның Ханау қаласында өтті.

БӨЛІСУ

Өз уақытынан бір сағатқа кеш басталған кездесулер бос аренада өткізілді. Алғаш болып 49 келіде шаршы алаңға көтерілген Теміртас Жүсіпов неміс командасының румындық легионері Овидиу Берцянды еш қиындықсыз жеңіп шықты. Осылайша «Арландар» алға шыққан. Дегенмен кейінгі екі салмақ дәрежесінде шаршы алаң иелерінің мерейі үстем болды. 56 келі салмақ дәрежесінде Мейірболат Тойтов Майкл Конланнан жеңілсе, 64 келіде Асхат Уәлиханов Артем Харутюняннан басым түсе алмады. Ал одан кейінгі екі салмақ дәрежесіндегі кездесулерде «Арландардың» жеңісті жолы жалғасты. 75 келіде Сергей Деревянченко Денис Роберту Радованды жеңіп, жалпыкомандалық есепті теңестірсе, ауыр салмақтағы шешуші жекпе-жекте Василий Левит Артур Маннан басым түсті. Осылайша Сергей Корчинский шәкірттері сырт алаңдағы алғашқы кездесуде 2:3 есебімен жеңіске жетті. Ал қарымта кездесу 5 сәуір күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қос ұжым да қарымта кездесуде шаршы алаңға шығаратын былғары қолғап шеберлерін анықтап қойған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com