Американың Анахайме штатында Халықаралық волейбол федерациясының 33-жиыны өтті. Бұл жиында FIVB қауымдастығы алдағы төртжылдыққа жаңа президент сайлады.
Жиынға еліміздің атынан Қазақстан волейбол федерациясының атқарушы директоры - Ермек Сырлыбаев барды. FIVB жаңа президентіне үш үміткер болды. Олар америкалық – Дага Бил, аустралиялық – Крис Шахта және Ари Грас болған. Дауыс беру қорытындысы бойынша, FIVB-тің жаңа президенті болып 69 жасар бразилиялық Ари Граса тағайындалды.
Грасақа 103 делегат дауыс берген. Ал Билаға 86, Шахтаға 15 елдің FIVB мүшелері дауыс берген екен. Жиын соңында ұйымның бұрынғы президенті Вэй Цзичжун FIVB «Құрметті Президенті» деген атаққа лайықталды.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: sport.news.am