Аргентинада Мессиге кешірім сұратпақ болған шенеунік қызметінен қуылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Аргентинада Мессиге кешірім сұратпақ болған шенеунік қызметінен қуылды
Фото ©️ launion.com.ar

Аргентина елінің президенті Хавьер Милей елдегі спорт министрінің орынбасары Хулио Гарроны қызметінен босатты. Ол Мессиге қатысты мәлімдеме жасап, француздардан кешірім сұрауын айтқан еді. 

БӨЛІСУ

Даудың басы Америка кубогы финалынан кейін басталған еді. Аргентина құрамасы чемпион атанып, киіну бөлмесінде тойлау кезінде ән айтқан. Ал ол әнде футболшылардың біразы Франция құрамасын кекетіп кемсіткен. Ал Хулио Гарро болса аргентиналық ойыншылардың кешірім сұрауын мақұлдаған. 

Мен ұлттық құраманың капитаны (бұл жерде Месси) бастап, федерация президенті бәрі кешірім сұраулары керек деп ойлаймын, - деген Гарро. 

Алайда шенеунік кейіннен бұл сөзінен танып шыққан. Сонда президент әкімшілігі Олимпиада алдында министр орынбасарын қызметінен босатты. 

Айта кетейік, Аргентина құрамасы биылғы Америка кубогының финалында Колумбияны ұтып, 16 дүркін жеңімпаз атанып, рекорд орнатты