Аргентина Президенті Кристина Фернандес де Киршнер ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алехандро Сабельеге қоңырау шалып, әлем чемпионатында барын салып өнер көрсеткендері үшін алғыс айтты.
БӨЛІСУ
Аргентина ақтық ойынға шықты. Дегенмен, немістердің құрамасына жеңіліп қалды. Тартысты матчтың қосымша минутында салынған жалғыз гол жартылай қорғаушы Марио Гетценің есебіне жазылды.
«Бүкіл Аргентина өз командасын мақтан тұтады», - дейді ел президенті.
Матчтың келесі күні, яғни бүгін Аргентина құрамасы де Киршнердің қабылдауында болады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: futbik24.com