Сингапурде өткен аралас жекпе-жектен әуесқойлар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. Ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылар марапаттау рәсімін аз уақытқа тоқтатып, жаңа әнұранды өздері шырқады.
БӨЛІСУ
Ұйымдастырушылар 57 келіге дейінгі салмақта Ерназ Мұсабекті марапаттауда қателесіп, ескі әнұранды қойған.
Айта кетейік, Сингапурдегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 спортшымен барып, оның 8-і жүлделі орыннан көрінді. 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды.