Анна Данилина Румыниядағы турнирдің чемпионы атанды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Анна Данилина Румыниядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Яссыдағы (Румыния) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді. Қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 2-ракеткалары, ресейліктер Александра Панова – Яна Сизиковамен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Данилина – Хромачева брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Бұдан кейін ресейлік дуэт қайыра брейк жасады. Дегенмен Анна мен Ирина сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4. 

Екінші сетте қазақстандық-ресейлік жұп 3:0 есебімен алға шықты. Ресейліктер есепті қысқартқанымен, Анна Данилина – Ирина Хромачева матчты жеңіспен аяқтады – 6:2.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!