Анкарадағы қазақ жастарының футбол бәсекесі

Шерхан Талап Корреспондент
Шерхан Талап>
Анкарадағы қазақ жастарының футбол бәсекесі

Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілігі мен «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігінің ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті.

БӨЛІСУ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай өткізілген аяқ доп бәсекесі Анкарадағы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақ жастарының басын қосты. Әр түрлі университеттен жиналған студент жастар (бакалавр, магистратура, докторантура)  8 команда болып, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жарыс қорытындысында, үшінші орынды Орта Шығыс Техникалық университетінің «Болашақ» командасы иеленді. Олар үшінші орын үшін таласта Таһсин Бангуоғылы жатақханасынның «Балғат» командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Ақтық айқасқа Гази университетінің «Жас қыран» командасы мен былтырғы жылдың жеңімпаздары - Мамандандырылған құрлық әскерлері оқу орнының «Кара Харп» командасы шықты. Тартысты өткен ойын 1-0 есебімен «Жас қыран» командасының пайдасына шешілді.  

Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып «Кара Харп» командасының ойыншысы Елеусінов Мейіржан танылды. Гази университетінің студенті Мұқанов Темірболат «Үздік қақпашы» атанса, «Үздік қорғаушы» атағын Хаджетепе университетінің студенті Алмен Дастан иеленді. Жүлдегер командалар мен үздік ойыншыларға Елшіліктің арнайы Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Дәстүрлі түрде өтіп отыратын футбол бәсекесі жоғарғы деңгейде өтті. Бұл шара шет елде білім алып жатқан қазақ жастарының бірлігін арттып, салауатты өмір салтын насихаттауға үндейді. 

Жарыстан фотосуреттер:

Арнайы Массагет үшін Анкара қаласынан: Шерхан Талапұлы

Суреттерді түсірген: Шерхан Талапұлы