Англияға Әлем Чемпионатында әйгілі психолог көмектеспек

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Англияға Әлем Чемпионатында әйгілі психолог көмектеспек

BBC хабарлайды, Бразилиядағы Әлем Чемпионаты қарсаңында танымал спорттық психолог Стив Питерс Англия құрамасымен бірлесе жұмыс жасамақ.

БӨЛІСУ

Бұл жайлы Дания құрамасымен жолдастық кездесу алдында ағылшындардың бас бапкері Рой Ходжсон хабарлап өтті. 

"Доктор Стив Питерс - спорттық психология саласында өзін танытқан жан. Оның спорттың әр түрінде де тәжірибесі жетерлік. «Ливерпульде» жүріп көп білік жинаған маман. Стивен Джеррард оны жақсы таниды. Питерс біздің ұсынысымызды қабыл алып отыр, бұл, өз кезегінде, біздер үшін жақсы хабар", - дейді Ходжсон.

Ертеректе аталған маман британдық велошабандоздардың ірі турнирде топ жаруына қол ұшын беріпті.

Естеріңізге сала өтсек, Англия құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италия, Уругвай, Коста-Рика құрамаларымен кездесетін болады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: bbc.com