Андрей Шевченко үшінші рет әке атанды

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Уалихан ҚОСАНБАЙ>
Андрей Шевченко үшінші рет әке атанды

Украина құрамасының және италияндық «Милан» командасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко үшінші мәрте әке атанды. Бұл туралы «Уркаина - Алға» партиясының көшбасшысы Наталия Королевская өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

«Андрей Шевченконың үшінші ұлының дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймын. Қуанышты хабарды мен кеше кешкісін естідім», - деп жазылған Наталия Королевскаяның Facebook-тағы парақшасында.

Шевченко жұбайы американдық модель Кристен Пазикпен бірге осы уақытқа дейін екі ұл тәрбиелеп келеді. Үлкен ұлдарының аты – Джордан (жеті жаста), кіші ұлының есімі – Кристиан (бес жаста). Ал үшінші ұлдарының есімін жұлдызды жұп әлі қоймаған екен.

Киевтік «Динамоның», лондондық «Челси» командасының бұрынғы ойыншысы спорттық ғұмырын үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде аяқтаған болатын. Содан бастап, Андрей Шевченко Наталия Королевская бастаған «Украина - Алға» партиясына мүше.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: livestory.com.ua