Киевтік "Динамо" және Украина құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко жақын арада Лондон футбол клубы "Челсидің" тренерлік штабы қатарына қосылады деп күтілуде. Нақтырақ айтар болсақ, украин футболшысы Челси құрамасының шабуылшыларын жаттықтыратын болады. Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын украиналық "Форвард Евро-2012" чемпионатынан соң, ұлттық құрама сапында өнер көрсетуді аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Батыс бұқаралық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Челси клубының иесі Роман Абрамович италияндық бапкер Роберто Ди Маттеоның атқарған жұмысына көңілі толмаған. Оның ойынша, "Челси" чемпиондар лигасында бабының емес, бағының арқасында жеңіске жеткен. Сол себепті Абрамофич Роберто Ди Маттеоге тұрақты келісім-шарт ұсынуды жоспарламауда.
Өз кезегінде "көктер" Андрейді "Милан" клубынан 30 миллион фунқа сатып алған болатын және Англияда өткізген 3 жыл ішінде 48 матчта өнер көрсетіп, 9 гол соққан еді.
Сурет:sportbest.net