Кеше қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Евгений Кололев Australian Open турнирінің іріктеу сынындағы қарсыластарын анықтады, деп хабарлаған едік. Енді міне, арада бір күн өтіп, ойналған матч нәтижелері де белгілі болды.
Андрей Голубев бельгиялық Рубен Бемельмансқа екі сетте жол берді. Есеп: 6:3, 7:5. Голубев матч барысында екі мәрте қосарланған қателік жіберіп, мүмкін болған жеті брейк-пойнттың екеуін ғана іске асыра алды.
Ал Евгений Королев болса, аустриялық Андреас Хайдер-Маурерден ұтылды. Жерлесіміз қарсыласына бар болғаны бірінші сетте ғана айтарлықтай қарсылық таныта алды: 7:5. Екінші сетте ойынды өз қолына алған аустриялық теннисші сетті 6:2 есебімен аяқтап, жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 7:5, 6:2. Матч бар-жоғы 1 сағатқа созылды.
Сонымен Қазақстан үкілеген екі теннисші де жылдың ең басты жарысының іріктеуінен сүрінді. Теннисшілерімізге осы жылда болатын "Үлкен дулыға" жырыстарында сәттілік тілейміз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gotennis.ru, jeltok.info