Андре Вилаш-Боаш «Зенит» тізгінін ресми түрде ұстады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Андре Вилаш-Боаш «Зенит» тізгінін ресми түрде ұстады

Ресейлік «Зенит» командасы жақында бас бапкері Лучано Спалеттиді қызметінен босатып, жаңа футбол маманын қарастырған болатын. Бүгін клуб бұрынғы «Тоттенхэмның» жаттықтырушысы Андре Вилаш-Боашпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды.

БӨЛІСУ

36 жастағы бапкер осыған дейін лондондық «Челси» мен «Тоттенхэм», португалдық «Академика» мен «Порту» клубтарын жаттықтырған. Сонымен бірге, Еуропаның бірнеше топ-клубының бас бапкері көмекшісі қызметін де атқарған. Енді питерлік командамен 2016 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Ал жылдық табысы 8,5 миллион еуроны құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Зенит» түзде «Боруссияны» жеңген болатын. Команданы бастап барған Сергей Семак жаңа бапкердің көмекшілері құрамына кірді.

"Зенит" жанкүйерлері неміс Туын алаңда өртеп жіберді

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: interfax.ru