Мексиканың Мерида қаласында ITF J500 бірінші санатындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
БӨЛІСУ
Қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сын бойынша жарыстың жеңімпазы атанды. Финалда олар турнирдің бірінші ракеткалары Петр Брунлик (Чехия)/Чарли Робертсонды (Ұлыбритания) 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Өкінішке қарай, Әмір Омарханов жекелей сын бойынша жартылай финалда француз Томас Фурелден жеңіліп қалды – 2:6, 3:6.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз