Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 15-орында тұрған теннисші Әмір Омарханов Бейжіңде өткен ITF Juniors J300 турнирінде топ жарды, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Қазақстандық теннисші финалда британдық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Тай-брейктегі алғашқы сетте Оливер Бондинг басым түссе, келесі екі ойында Әмір жақсы нәтиже көрсетті – 6:0, 6:4.
Бұл қазақстандық спортшының ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сындағы алтыншы жеңісі. Бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Таиланд (J300), Корея (J300), Египет (J100), Грузия (J60) және Қарағандыда (J60) өткен додаларда жеңіс тұғырынан көрінген.