Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды massaget.kz.
БӨЛІСУ
Әмір үшінші кезеңде швед теннисшісі Уильям Рихтманмен кездесті. Үш сетке созылған ойында қарсыласы 2:1 есебімен (4:6, 6:4, 7:6) басым болып кетті.
2 сағат 34 минутқа созылған ойында Омарханов ширек финалға өте алмай, Australian Open турниріндегі жолын аяқтады.