
Промоутер Эдди Хирн Ammo (оқ-дәрі дегенді білдіреді) лақапатымен танымал америкалық Остин Уильямсқа (18-1, 12 KO) қарсылас болатын боксшылар арасында орта салмақтағы IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) да атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 наурызда америкалық боксшы канадалық Патрис Волнимен (19-2, 13 KO) өте ауыр жекпе-жек өткізді. Соққының астында қалғанымен ол жекпе-жекті бақылауында ұстап, ақыры төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осы айқастан кейін Уильямс орта дивизион чемпиондарын жекпе-жекке шақырды, алайда сарапшылардың бұған қатысты болжамы мәз емес.
"Остин - менің жеке жобам, сондықтан оның биік белеске жеткенін қалаймын. Ол биыл орта салмақта чемпиондық айқасқа шығу мүмкіндігін алады деп сенемін. Жеңіске жете ала ма? Ол үшін, әрине, мықтырақ болуы керек. Уильямс әлемдік деңгейдегі боксшы деп есептеймін, алайда ол Лара, Адамес немесе Жәнібекті жеңгісі келсе, оған өсе түсу қажет", - деген Хирннің сөзін Boxing247 келтірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!