Қазақстандық муайтай боксының шебері Аман Қабдуллаев Стамбулда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Аман Кабдуллаев финалдық бәсекеде Ресей спортшысы Магомед Исраиловпен шаршы алаңға шыққан болатын. Жекпе-жек қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға ұстатты. Нәтижесінде Аман Қабдуллаев әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
"Жекпе-жек өте тартысты өтті, -дейді Қазақстан муайтай Федерациясының вице-президенті Фархат Аманқұлов. - Екі қарсылас та жеңіс жолында бірін-бірі аяған жоқ. Қорытындысында ресейлік спортшы Аманды бір ұпаймен ғана ұтып кетті. Біздің сарбазға жеңіске жету үшін тек кішкене сәттілік жетіскен жоқ. Бірақ, күміс медаль да жаман нәтиже емес".
Одан бөлек, қазақстандық спортшылар қоржынға алты бірдей қола медаль түсірді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: © Болат Қосмағамбет