Алып Алматтың тағы бір рекорды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Алып Алматтың тағы бір рекорды

«Қазақ титан» тағы да таңқалдырды. Көпшілік арасында Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов бұл жолы тағы бір рекорд қойды. Арқасына 280 келі түйені көтерген алып, 4 тонна 68 келі болатын үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреп Гиннес кітабына өз атын қалдырды. Мұндай әдісті алғаш рет өзі ойлап тапқан.

БӨЛІСУ

Түйе көтеру қалыпты болғаннан кейін, осындай жаңа әрекетке бардым деп отыр. Бұл жолы Алмат бір айға жуық дайындалған екен. Естеріңізге сала кетейік, Алмат бұған дейін 108 тонналық пойыз вагондарын тартып рекорд қойған болатын.

Сонымен қатар Айдын Нұржұмаұлы да елді елең еткізер әдіспен көлік тартып өз атын рекордтар кітабына қалдырды. Төс сүйегіне ілгіш іліп неміс автомобилін 63 метр жерге сүйреген азамат бұл әдіс үшін талай еңбек еткенін де атап өтті. Өйткені, төс сүйегімен небәрі 10-15 келі салмақты ғана тартуға болады екен. Осылайша, қазақтың қос алыбы өз есімдерін гиннес кітабына жазып, енді жаңа белестерді бағындыру үшін ары қарай да шыныға береміз деп отыр.

Бауыржан Жақсымбет