Алвес: «Неймар Мессиді алмастыра алады»

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алвес: «Неймар Мессиді алмастыра алады»

Каталондық «Барселона» командасының қорғаушысы Дани Алвес Globoesporte басылымына берген сұхбатында «аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді Неймар ауыстыра алады» деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ

- Неймар Мессиді ауыстыруға дайын. Ол «Барселонаға» қаншалықты қажет екенін түсінеді. Сонымен бірге команда ойыны жүйесіндегі бразилиялық футболшының рөлі де артып келеді. Месси жарақат алды. Енді оның орнын жоқтатпау Неймардың ғана қолынан келеді – деді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Испания Ла-Лигасының 13 турындағы «Бетиске» қарсы кездесуде Месси жарақат алып, кейіннен 6-8 аптасыз жасыл алаңға орала алмайтыны белгілі болған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: aboutfootball.ucoz.com