Альварес Головкиннен жеңіп алған чемпиондық белбеуінен айырылды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Альварес Головкиннен жеңіп алған чемпиондық белбеуінен айырылды
Фото ©️ Bloody Elbow

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) орта салмақта Геннадий Головкиннен жеңіп алған Халықаралық бокс ұйымының (IBO) чемпиондық атағынан айырылды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшымен болған жекпе-жектен кейін "Канело" орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін иеленген болатын. Алайда кейін белгілі болғандай, мексикалық боксшы Халықаралық бокс ұйымына чемпиондық белбеу үшін жарна төлемеген. Нәтижесінде бұл ұйымның атағы иесіз қалып отыр.

Геннадий Головкин IBO чемпиондық атағын 2011 жылы америкалық Лахуан Саймонды бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіп алған еді. Одан бергі 7 жылда бұл ұйымның атағын 17 рет сәтті қорғады.

Айта кетейік, IBO чемпиондық белбеуінен 2017 жылдың наурыз айында отандасымыз Жанат Жақиянов та бас тартқан болатын. Оған да себеп – жарна төлеу жайы еді.

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) – кәсіпқой бокстағы беделді төрт ұйымның қатарына енбейді. WBA (Super), WBO, WBC және IBF ұйымдарынан кейінгі орында. Осы төрт ұйым белбеуін ұтқан боксшы абсолютті чемпион атанады. Қазіргі таңда атақты боксшылардың арасында британдық Энтони Джошуа да ғана IBO чемпиондық атағы бар.