"Алтын доптар" саны бойынша Роналду Мессимен теңесе ме?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Алтын доптар" саны бойынша Роналду Мессимен теңесе ме?
Фото ©️ google.kz

Мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2017 жылдың үздік футболшысына берілетін мәртебелі жүлде "Алтын допты" иеленуі әбден мүмкін. Бұл туралы Испанияның "El Mundo Deportivo" басылымы хабарлады.

БӨЛІСУ

Басылым таратқан ақпарат бойынша "Алтын допты" кімдердің табыстайтыны да белгілі. Биылғы салтанатты шара 7 желтоқсан күні Париждегі Эйфель мұнарасында өтеді. Кешті Жером Ревон мен танымал футболшылардың бірі болған Давид Жинола жүргізетін көрінеді. Роналду мансабындағы бесінші "Алтын добын" иеленіп, Мессимен теңесуі бек мүмкін.

Португалдық футболшы "Алтын допты" осыған дейін төрт рет (2008, 2013, 2014, 2016) иеленді. Ал Лионель Месси (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) бес рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.

Айта кетейік, "France Football" журналы өткен жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде биылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өтеді. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын.