13-15 мамыр аралығында Алматы қаласында дзюдодан «Гран При» турнирі өтеді. Бұл додаға 100 – ге тарта елден 600-ге жуық спортшы қатыспақ.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады. Ел намысын 51 спортшы қорғайтын болады. Ерлер арасында «Қазақстан барысының» финалдық кезеңінде бақ сынаған балуандар да бар. Қатысушылар тізімі төмендегідей:
Ерлер: Рустам Ибраев (60 келі) Айбек Имашев (60 келі) Асхат Тельманов (60 келі) Қылыш Еренғайыпов (60 келі) Жансай Смағұлов (66 келі) Азамат Мұқанов (66 келі) Елдос Жұмақанов (66 келі) Ерлан Серікжанов (66 келі) Дастан Ықыбаев (73 келі) Дидар Хамза (73 келі) Қайрат Ағыбаев (73 келі) Нұрлан Оразалин (73 келі) Азиз Қалқаманұлы (81 келі) Махамбетов Арман (81 келі) Ерназар Хамзин (81 келі) Әділет Миссин (81 келі) Дәулетхан Жақыпов (90 келі) Тимур Жарасов (90 келі) Мейрамбек Жанабай (90 келі) Самат Есен (90 келі) Максим Раков (100 келі) Виктор Демьяненко (100 келі) Айбек Серікбаев (100 келі) Нұрым Сәлімгерей (100 келі) Ержан Шынкеев (+ 100 келі) Әділ Оразбаев (+ 100 келі) Айтуар Абдулов (+ 100 келі) Руслан Әбдіразақов (+100 келі) |
Қыздар: Отгонцецег Галбадрах (48 келі) Иманғалиева Меруерт (48 келі) Әбужақыпова Абиба (48 келі) Мингазова Ленария (52 келі) Түйтекова Айкүнім (52 келі) Қарасайқызы Кәмшат (52 келі) Нышанбаева Севара (57 келі) Казюлина Анна (57 келі) Старченко Анна (57 келі) Әбілқадырова Әйгерім (57 келі ) Урдабаева Мариан(63 келі) Хаби Алтынай (63 келі) Салықова Ажар (63 келі) Кубашева Назгүл (63 келі) Қашкын Жанар(70 келі) Өмірәлиева Ділбәр (70 келі) Бектасқызы Зере(70 келі) Щербакова Аэлита (70 келі) Амангельдиева Альбина (78 келі) Райфова Зарина (78 келі) Қадірбекова Перизат (78 келі) Исанова Гүлжан(+78 келі) Маратова Назгүл(+78 келі)
|
Жарыстың жалпы жүлде қоры - 100 000 АҚШ доллары. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошыға 2400$, бапкеріне 600$ берілсе, екінші орын үшін балуан 1600$ бапкері 400$ алады, ал қола медаль иегері 800$ марапатталады, жаттықтырушысына 200$ сомасында қаржылай сыйлық табысталады.
Айта кетейік, 13 мамыр күнгі жарыс алдында дзюдо академиясы ашылады. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп жоспарланып отыр.