Алматыда шорт-тректен ҚР Кубогының II кезеңі басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Алматыда шорт-тректен ҚР Кубогының II кезеңі басталды
Фото ©️ massaget.kz

Алматыда шорт-тректен ҚР Кубогының II кезеңі басталды. Универсиада алдындағы тестілеу шарасы болып табылатын жарыс Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт кешенінде өтуде. Бұл туралы 2017 жылғы Универсиаданың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Шорт-трек спорты негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда, шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. Шорт-трек Универсиада-2017 жарыстарының негізгі бағдарламасына кіретін спорт түрі. Шорт-трек Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі болуына қарамастан, қазіргі кезде отандық коньки тебушілердің деңгейі екі-үш сатыға жоғары көтерілді. Ел басшылығы және ҚР конькишілер Федерациясы шорт-тректің дамуына ат салысып, барынша назар аударуда. Бұл тұғырда жасалған жұмыс өз жемісін де беруде – отандық шорт-трек шеберлері 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Олимпиададағы эстафеталық жарыста финалға шыққан болатын, ал юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде, қазақстандық жас конькиші Денис Никиша қола жүлдеге ие болды.

Шорт-тректен ҚР Кубогін өткізудің басты мақсаты бұл – аталмыш спорт түрін көпшілікке дәріптеу, тарату және аймақтық балаларға арналған спорт мектептерінде дамыту. Шорт-тректен ҚР Кубогінің Екінші кезеңі – бұл отандық конькишілер ортасындағы маңызды оқиға. Жас және келешегі бар жеңімпаз конкишілер 2017 жылы өтетін Универсиадада өз бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады. Кубоктің Екінші кезеңінде Қазақстанның сегіз аймағынан келген 8 топ жарысқа түседі. Олар – Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Астана және Алматы қалалары.

ҚР Кубогының II кезеңі 23 қазанға дейін созылады.