Оңтүстік астанада осымен алтыншы рет өткізіліп отырған "Алматы Марафон" - Орталық Азиядағы кең масштабты қайырымдылық шарасы өтіп жатыр.
Дәстүрлі марафон таңғы 08:00-де Бірінші Президенті паркінен бастау алды. Оған 15 мың адамның қатысып жатқаны белгілі. Алматы әкімі осы марафонның әлемдегі ең ірі бес қайырымдылық шарасына кіргенін айтты. "Бізде осындай спорттық шаралардың көп болатынына сенімдімін.Олар тек Алматыны жарнамалап қоймай, экономикаға да өз әсерін береді. Маған келіп соңғы аптада қала тұрғындары мен қонақтар дүкендерге барып спорттық заттарды сатып алғанын айтты. Мен ол заттардың сіздердің үйде бос жатпасын білемін, спортпен айналысып, жүгіріп және қаламыздың сәнін келтірейік", - деді қала әкімі Бауыржан Байбек қатысушыларға.
Дереккөз: tengrinews.kz