2020 жылы 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылында Қысқы жүгіру өтеді. Осы орайда, ұйымдастыру комитеті оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарына іс-шара өткізілетін уақытта Әл-Фараби даңғылы бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды.
Назарбаев даңғылынан Батыс Желтоқсан көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 06:00 – 08:00 аралығында жабылады. Сағат 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылы астындағы Достық даңғылынан бастап үңгіртау арқылы өтуге болады.
Назарбаев даңғылынан бастап Гагарин даңғылына дейінгі Әл-Фараби даңғылы (төменгі жақ) бойынша батыс бағыттағы қозғалыс сағат 08.00 – 11.30 аралығында толығымен жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөліктің қозғалысына қолжетімді болады. Жол, жүгірушілердің жоларнадан өту шамасына қарай ашылатын болады.
"Нұрлы Тау" БО жанындағы сөре-мәре қалашығына Қозыбаев көшесі арқылы немесе Батыс Желтоқсан көшесі жағынан өтуге болады. Әл-Фараби даңғылы арқылы шығыс бағытта автобустармен де баруға болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын түсінікпен қарауды және 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылы бойынша бағдарыңызды ертерек жоспарлауды сұраймыз.